Бюджет тапшылығына ұрынып отырған Түркия яхта, моторлы қайық және басқа да су бетінде серуендеуді қамтамасыз ететін құралдарды сатып алушыларға 8% көлемінде арнайы салық түрін енгізді. Сонымен қатар бұл салық түрі теңіз саяхатына арналмаған шағын круиздік кемелер мен жолаушылар кемелеріне қатысты да қолданылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аталған шешім бірден күшіне енді, деп хабарлайды Интерфакс.
Бұған дейін "люкс" класындағы кемелерге салық салынбаған. Әу баста, арнайы тұтынушылық салық (special consumption tax) Түркияда сәнді әрі бағалы тауарларға қатысты енгізілген, бірақ қазір ол автомобильдер мен смартфондарға қатысты қолданылып жүр. Осылайша, үкімет бюджет кірісін ұлғайтуға тырысады.
Билік ағымдағы жылы ЖІӨ-нің 3,1% мөлшерінде бюджет тапшылығы болуы мүмкін деп болжайды. Алайда Қаржы министрлігі бұл көрсеткішке қол жеткізілмеуі мүмкін екенін ескерткен, өйткені кіріс бөлігі болжамдарға сай келмей, артта қалуда.
Айта кетсек, жалақы өскенімен,жоғары инфляцияға ұрынған Қазақстан халқы одан түк пайда көрмеуде. Бұл ретте Finprom сараптамасын алға тартамыз.
Бюджет тапшылығына ұрынған Қазақстанда 2026 жылы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшері 12-ден 16 пайызға өседі.