Түркітілдес журналистер Түркістанды халықаралық деңгейде насихаттайтын болады

Dalanews 01 нояб. 2018 03:30 753

«TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты форумға түркі тілдес елдерден арнайы келген ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері алдағы уақытта облысты халықаралық деңгейде насихаттауға үлес қоспақ.

Шараға қатысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев шынайы әрі сапалы ақпарат арқылы туризмді дамытып, инвестиция тартуға көп көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, форум барысында Қазақстанға белгілі журналистер мен шетелдік БАҚ өкілдері осындай еркін пікір алаңын құру ақпарат кеңістігінің ашықтығын одан әрі арттыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Басқосуда  қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері журналистиканы дамыту, Түркістанды гүлдендіру бағытындағы пікірлері мен ойларын айтты.


Форум аясында Түркістан облысы ішкі саясат барқармасы мен шетел басылымдары арасында келісімдер мен меморандумға қол қойылды. Жаңадан ашылған «Түркістан медиа» халықаралық орталығы арқылы енді  облыс  туралы ақпараттарды түркі тілдес елдердің БАҚ-да 5 тілде (әзірбайжан, түрік, өзбек, қырғыз, орыс)  тарату жөнінде шетелдік ақпарат құралдарымен келісім жасалды.

Форумға қатысушылар журналистика саласындағы соңғы жаңалықтарға тоқталып, жаңа ақпарат кеңістігінде Түркістанның журналистикасы заман көшінен қалмайтынына сенім білдірді. Киелі мекеннің туристік және рухани әлеуетін көтеруде осындай форумдардың оң серпін беретінін атап өтіп, ақпарат айдынында Түркістанның дамуына қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Рекомендовать
Последние новости