Түркістанның шалғай ауылдарына сапалы интернет жетті

Dalanews 08 июн. 2022 05:35 1086

Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда.

2020 жылға дейін 850 адам тұратын Төлеби ауданының Балдыберек ауылында мобильді интернеттің сапасы өте төмен болатын. Сол себепті тұрғындар тарапынан шағымдар көп болды. Биыл Балдыберек ауылының тұрғындарында 4G мобильді интернеті пайда болды.


Жоғарыда аталған мәселе 1000-нан астам халқы бар Келес ауданының Бозсу ауылында, сондай-ақ 1000-нан астам халқы бар Қазығұрт ауданының Жеңіс ауылында да туындады. Енді 250+жобасы аясында барлық ауыл тұрғындарына кең жолақты интернет желісі жетті. Алдағы уақытта өзге де елді мекендер интернеттің игілігін көре алатын болады.

Рекомендовать
Последние новости