Түркістанда оқушыларға арналған «Президент шыршасының» алуы жағылды

Dalanews 24 дек. 2018 18:31 840

Бүгін Түркістан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі тойланды. Облыс орталығы - Түркістан қаласында өтіп, «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атауымен ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, балғындармен бірге лед-экраннан Ел Президентінің балаларды құттықтау сөзін тыңдап, шырша шамын жақты.

Армысыздар, Қымбатты балалар! Бүгін, Сіздер, елімізде үрдіске айналған “Президент шыршасына” қатысудасыздар! Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның жарқын болашағы - Сіздерге деген үлкен құрметі. Аяулы жас достар! Сіздердің білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасып, заман ағымына бейімделгіш, бәсекеге қабілетті болып жетілулеріңіз үшін мемлекет барлық мүмкіндіктер мен игі шараларды атқаруда және атқаратын болады. Ендігі таңдайтын жолдарыңыз – ғылым жолы болсын! Білім шыңынан көрінуге бет түзер болсаңыз, онда одан қаймықпай беліңді бекем бу. Өйткені, білім мен ғылым жолы – қызығынан гөрі қиындығы мол, асу бермес, асқарлы белі бар, өткел бермес асау өзені бар ауыр жол. Ал, біздің тәуелсіз елімізге ауырды ауыр деп қайыспай көтеретін, еңсесі биік, өресі кең, ділі таза, дені сау, кемелденген ақыл ойлы, парасатты жастар қажет. Мен сіздердің әрқайсысыңыздың осындай азамат болуға талаптанатыныңызға сенімім мол!", - деді Ж.Түймебаев.

Елбасы атынан әр балаға ноутбук, қыстық киімдер мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Дәстүрлі түрде жыл сайын мемлекет басшысы атынан ұйымдастырылатын бұл шара осы күні, осы уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған өңіріміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан үздік оқушылар қатысты.

Өтіп бара жатқан жылды қорытсақ, 2018 жыл еліміз үшін ерекше де тарихи оқиғаларға толы жемісті жыл болды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында қазақ даласының әлемдік өркениетке қосқан үлесін жастарға толық жеткізе отырып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің түркі дүниесінде алатын бірегей орнын нақтылады. Сондықтан әрбір жастың көкейінде өз еліне деген құрмет пен мақтаныш болу керек. Себебі қазақтың Ұлы даласы әлемдік өркениетке бастаудың отаны. Әлемдік өркениеттің дамуына қазақ елі өзінің жылқы өнерімен, қызғалдағымен, Ұлы жібек жолының күре тамыры болуымен орасан үлес қосты.

2017 жылы облыстық бюджеттен 748,0 млн.теңге қаржыға 128 мектепке робототехника кабинеттері сатып алынды. Бұл кабинеттерде балалар компьютерлік бағдарламалау дағдыларына, қарапайым алгоритмдер құрастыруға, Web-сайт және компьютерлік ойындар мен анимацияларды құруды европалық стандарттармен үйренеді. 2017 жылдан бастап облыста «KazRobosport» чемпионаты мен «KazRoboproject» ғылыми-техникалық жобалар конкурсы өткізілуде. Чемпионат жеңімпаздары республикалық чемпионатқа қатысып, командалық жүлделі 2-орынды иеленді.

2018 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,6 балды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2,9 балға жоғары нәтижені көрсетті (2017ж – 76,7).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы жобасы аясында облыс орталығында 2018 жылғы 1 маусым күні өткен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің кезекті Шеруі республикалық деңгейде жоғарғы бағаға ие болды.

Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадаға қатысқан Түркістан облысының оқушылары жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Тәрбиеленушілеріміз білім сайысы бойынша да облыстың мерейін асқақтатты. Нақтылап айтсақ, жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада Түркістан облысынан қатысқан оқушылардың 25-і жүлдегер атанды.

 


Рекомендовать
Последние новости