Түркістанда мектеп директоры қызметіне үміткерлердің конкурсы тікелей эфирде өтті

Dalanews 13 окт. 2023 06:09 1494

Бүгін Түркістан облысының білім басқармасында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау ҚР Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына (Бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес конкурстық негізде жүргізілді.

Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы жарияланды. Сонымен қатар үміткерлерден тікелей көрсетілім жасауға келісім алынды. Бұйрық ережесіне сәйкес, комиссия құрылды. Жарияланымда әңгімелесу кезеңіне – байқаушылардың қатысуға болатындығы ескертілді. Бүгінгі әңгімелесуге 54 мекемеге 73 үміткер қатысты.

Үміткерді бағалау ашық дауыс берумен жүргізіледі. №10 қосымшадағы бағалау парағы қоса тіркелді. Сондай-ақ комиссия мүшелері толықты. Қазіргі таңда «Әңгімелесу» кезеңінде 9 комиссия мүшесі бар. Бұйрық талабына сай осы кезеңге дейін үміткерлер құжат тіркеу, тест, қамқоршылық кеңес кезеңдерінен өткен. Комиссияның ашық дауыс беру тәртібімен 13 мекемеге үміткер анықталды.

 

Рекомендовать
Последние новости