«1 млн теңге пара алған». Шымкентте шенді ұсталды

Dalanews 13 окт. 2023 06:30 964

Күні кеше ғана еліміздің ақпарат кеңістігінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер бөлімінің басшысы Сәкен Шәкеевтің жемқорлық фактісі бойынша ұсталғанын хабарланған еді.

Бүгін Антикор Шәкеев қарамағындағы қызметкерден еңбек шартын ұзартқаны және еңбек мәселелерінде жалпы қамқорлық жасағаны үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша күдікті ретінде танылғанын жария етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Шәкеевке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны болатын.

Құзырлы орындар басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялаған жоқ.

Рекомендовать
Последние новости