Түркістанда жуырда заманауи жаңа мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Ақтоты Жапатова 23 июл. 2025 15:16

Түркістан қаласында мәдениет саласын дамыту және тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы 90 пайызға аяқталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау барысында мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынып жатқан нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Алдағы уақытта 500 орынға арналған көрермен залы бар заманауи мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шаһар басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтап, қауіпсіздік пен техникалық талаптар бойынша кемшіліктерді түзетуді тапсырды.


Рекомендовать
Последние новости