Түркістанда «Адал жол» марафоны қорытындыланды

Dalanews 05 дек. 2018 08:04 823

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, 5 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафонының қорытындылау іс-шарасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша Департаменттерінің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев, «Адал жол» марафонын өткізуге белсенділік танытқан қалалық, аудандық әкімдіктердің өкілдері мен белсенді жастар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының және Арнайы мониторингтік топ мүшелері, Үздік бақылаушы, Үздік эссе байқауының және волейбол турнирінің жеңімпаздары, сонымен бірге БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру арқылы осы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және аталған індеттің деңгейін төмендету болып табылады.

Іс шарада алғашқы сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр өңірімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айтып, облыстың абыройын көтеру мақсатында осы індетпен әрі қарай бірлесіп күрес жүргізуге шақырды.

Кезегімен сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафонының өз деңгейінде өтуіне белсенді атсалысқан мемлекеттік қызметшілерге, спортшыларға, жастарға, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдеріне алғыс білдіріп, түрлі номинациялар бойынша арнайы дипломдармен марапаттады.

«Адал жол - Честный путь» марафонының нәтижесімен ең үздік болып Шардара ауданы атанды.

Естеріңізге салсақ, Агенттікпен бастау алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» марафоны а.ж. 29 наурызда Департаменттен Шардара ауданы салтанатты түрде қабылдап алып, әрі қарай эстафета қағидатымен қала, аудандарда түрлі форматтағы іс-шаралармен өтті.

 

Рекомендовать
Последние новости