Түркістан облысындағы іскер әйелдер Үндеу қабылдады

Dalanews 25 апр. 2019 08:48 862

Түркістан облысындағы іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді толығымен қолдайды. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында бас қосқан іске әйелдер қауымдастығының мүшелері арнайы мәлімдеді.

Жиында ашқан Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева көшбасшы партия көп балалы аналарға қолдау көрсету,  кәсіпкерлерге жағдай жасау ісінде әрдайым үлкен істерге бастамашы болып келе жатқандығын айтып өтті. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді толығымен қолдайтындығын жеткізді.

«Түркістан-Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Шолпан Бегалиева ел халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын   жақсартуға   бағытталған  әр саладағы  мәселелер мен  түйіткілдер  әрдайым «Nur Otan» партиясының жіті  назарында екендігін айтып өтіп, алдағы уақытта да игі істердің қатарынан табылатындығына сенім білдірді.

Отырар ауданы, «Темір» жалпы орта мектебінің директоры Алтынай Қасымбек «Nur Otan»  ұсынған партиялық жобалардың нәтижесінде үлкен жұмыстардың жүзеге асып жатқандығын сөз етті.

Қандай жағдайда да саяси жүйе өз құрылымын сақтап, адамдарға тиімді өмір сүруге мүмкіндік беруі тиіс. Бұл тұрғыдан келгенде, елімізде алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстар айқындалған. Мұның өзі алдымызда көптеген мақсаттар мен міндеттер тұрғанын білдіреді. Сондықтан мен «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді толық қолдаймын – деген ол, көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Басқосуда ақ жаулықты аналар әрдайым абыройлы жұмысымен көрініп, ел ықыласына бөленіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алғыстарын айтты. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінде қабылданған шешімді толығымен қолдайтындығын жеткізіп, арнайы үндеу қабылдады.

Рекомендовать
Последние новости