Түркістан облысында үйлену тойы трагедиямен аяқталуына аз қалды. Мереке кезінде фейерверк атылғаннан кейін, мейрамхананың төбесі тұтанып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданының бір мейрамханасында салют атылды. Жалын тез арада төбеге тарап, оның бөліктері қонақтардың басына құлай бастады.
Өрт сөндірушілердің алдын ала нұсқасы бойынша, бәрі фейерверк орнатылған электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан болған. Зардап шеккендер жоқ. Енді мекеме иесін қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жазалау күтіп тұр.
