Түркістан облысында тұрғындардың электронды қызметті пайдалануына барлық жағдай жасалынған

Dalanews 13 дек. 2018 12:13 881

Түркістан облысында электронды түрде қызмет алуға арнайы барлық аумақтық басқармалар ғимараттарында және ауылдық әкімшіліктерде «Салық төлеуші терминалы» орнатылған.

Ал электронды түрде қызмет алуға мүмкіндігі жоқ салық төлеушілер аумақтық кірістер органдарына барып, арнайы қызмет көрсету ұйымдастырылып, қызмет алу үшін барлық қолайлы жағдай жасалған, барлық аумақтық басқармаларда жұмыс жасайтын «Ақпараттарды қабылдау, өңдеу және беру» орталықтарынан қызмет алуына болады.

Бұл жерде де сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін «бос терезе» қағидасымен қызмет көрсету қарастырылған. Сонымен қатар халық тығыз орналасқан, тұрғындары 100 мыңнан асқан аумақтық басқармаларда: Жетісай, Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Кезектерді басқарудың электронды жүйесі» орнатылған. Аталған жүйе салық төлеушінің қызмет көрсетуші қызметкердің жұмысына баға беру арқылы, қызмет сапасын барынша жақсы көрсетуге еріксіз ұмтылдырады. Бұл жүйені қолданудың тағы бір ұтымды жері қызмет көрсету уақытының бекітілген мерзімнен асып кетпеуін қадағалауға да мүмкіндік беретіндігінде.

Жалпы жоғарыда айтылғандардың барлығы Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің сапасын арттыру арқылы, салық төлеушілердің қанағаттану деңгейін жоғарылата отырып, сол арқылы салықтық түсімдердің тұрғындардың саналы түрде мол төлеуі үшін салық мәдениетін көтеруге бағытталған.

Рекомендовать
Последние новости