Түркістан облысында мектептердің асханаларына мониторинг жүргізілді

Жарбол Кентұлы 27 нояб. 2024 10:36 147

Түркістан облысында бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы 2024 жылы өңірде 220 920 оқушы тегін тамақтануда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

– Жалпы Түркістан облысы бойынша қадағалауда 1 062 мектеп пен 21 интернат ұйымы бар. Оның 829-ы мектеп асханасымен қамтылса, 37-і буфетпен, 56-ы кейтеринг қызметімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысына қарасты, Бесшоқы ауылындағы №8 мектебінің 460 оқушысы тамақтан уланған болатын. Осы жағдайға байланысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен қадағалаудағы барлық мектептің асханаларына бақылау-парағына сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыркүйек айынан бастап өңірдегі барлық мектептің асханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді, – деді департамент басшысы.

Спикердің сөзінше, мектеп асханаларына қойылатын негізгі талаптарға ас блогының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы міндеттеледі. Сонымен қатар, білім алушылардың ауыз су режимін ұйымдастыру мен азық-түлік өнімдерінің жарамдылығы да маңызды.

 

 


Рекомендовать
Последние новости