Балабақшалардан 54 млн теңге жымқырған есепшілер сотталды

Қаракөз Амантай 25 нояб. 2024 17:15 688

Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз жымқырған бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.

"Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған. Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабы 2 және 4-бөліктері ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру нәтижесінде, "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

"Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 миллион теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Рекомендовать
Последние новости