Түркістан облысында жол жөндеу барысында 2,2 млрд теңгеге негізсіз келісімшарттар жасалған

Қаракөз Амантай 05 дек. 2024 10:40 644

Түркістан облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде бәсекелестік талаптарын бұзу арқылы 2,2 млрд теңгенің негізсіз келісімшарттары жасалғаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Антикордың мәліметінше, әкімдіктер төтенше жағдайларды жою немесе зияткерлік меншік объектілерін сатып алу қажеттілігін желеу етіп, конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, нақты мердігерлерді таңдаған. Бұл тәжірибесіз және қажетті ресурстары жоқ компанияларға негізсіз басымдық беруге мүмкіндік жасаған.

Сондай-ақ орташа жөндеу жұмыстарына арналған сметаларға негізсіз шығындар енгізіліп, бұл жобалардың құнын 177 млн теңгеге өсірген.

"Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады", – делінген Антикор хабарламасында.


Сонымен қатар орташа жөндеу жұмыстарына арналған сметаларға негізсіз шығындар енгізіліп, бұл жобалардың құнын 177 млн теңгеге өсірген. Талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу ережелерін бұзған жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс әкімдігі орташа жөндеу жұмыстарының сметаларынан артық шығындарды алып тастап, қаражат бөлусіз жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жол бермейтін заңнамалық өзгерістер енгізуді қолға алды.


Рекомендовать
Последние новости