Түркістан облысында 385 380 адам коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге қол жеткізетін болады

Dalanews 23 апр. 2020 12:30 1032

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге төлемге алдын ала есеп бойынша 385 380 адам қол жеткізетін болады. Оған республикалық бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлініп отыр. Азаматтардан өтінімдер 1 мамырдан бастап арнайы электронды жүйе арқылы және "109" call-орталығымен қабылданатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Энергетика және тұрғын-үй шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге арналған мемлекеттік көмекті тек санат бойынша ала алатын адамның жеке коммуналдық төлем жасайтын дербес шоты болуы тиіс.

«Министрлік бекіткен тізбеге сәйкес, жәрдемақыны алуға құқығы бар адамдар: 1)1-2-3 топтағы мүгедектер; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және қатысушыларына теңестірілген адамдар; 3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; 4)көпбалалы отбасылар; 5)ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, сондай-ақ ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру не адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау жағдайында қаза тапқан адамдардың отбасылары; 7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер», - деді Бақытжан Әнуарбекұлы.


Айта кетерлігі, 15 мың теңге төлемді алуға өтінім беру үшін қазіргі таңда арнайы электронды жүйе дайындалуда. Ол жүйе ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін іске қосылатын болады. Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Облыс бойынша «109» call-орталық байланыс телефоны іске қосылған. Сall-орталыққа өтінім беру 1 мамырда басталады.

Әкімдікке ақпараттық жүйе немесе call-орталық арқылы өтінім түскен соң, тұтынушының деректерін тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда, уәкілетті мекемелерге аталған тізбедегі санат бойынша анықтау үшін жолданады. Кейін уәкілетті мекеме растаған соң, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерге электронды түрде жіберіледі. Уәкілетті мекеме тұтынушының жеке есеп шот деректеріне сәйкес екенін белгілейді. Расталған жағдайда, әкімдік бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушының жеке шотына қаржы жөнелтетін болады. Жоғарыдағы аталған санаттарға жататын тұтынушыларға әр ай 15 мың теңгеден 2 ай (сәуір, мамыр) мерзімі үшін төлем жүргізілетін болады. Сонымен қатар, аталған көмекті алуға өтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Рекомендовать
Последние новости