Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 4 тонна қырыққабат таратып берді

Dalanews 23 апр. 2020 12:18 803

Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округінің жеке кәсіпкері "Атамекен – Агро" ЖШС-ның басшысы Шынболат Қындыбайұлы және аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 4 тонна қырыққабат және 300 дана бетперде қайырымдылық ретінде тарту етті.

Қырыққабат пен бетперделер Жетісай қаласында тұратын 52 жалғызбасты қарттар мен 19 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2 тонна үлестіріліп берілмек.

Ал қалған 2 тоннасы Асықата кентіндегі 46 жалғызбасты қарттар мен 42 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 12 аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін болады.


"Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай, демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың кәсіпкерлері мен әжелеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз",- дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Рекомендовать
Последние новости