Түркістан облысында 138 мыңнан астам шағын және орта бизнес жұмыс істейді

Dalanews 11 сент. 2019 01:46 1015

Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында облыстың аудан және қалаларында белсенді түрде тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған жұмыс тобы Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Өз кезегінде Мейіржан Мырзалиев кәсіпкерлік саласы, инвестиция тарту, экспортты қолдау және т.б. салалар аясында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, Түркістан облысы бойынша жалпы 138 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.

– Президенттің Жолдауында көрсетілген міндеттерге сәйкес, шағын бизнесті 3 жылдық мерзімге салықтан босату тетіктері әзірленеді. Сонымен қатар, облыста «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда және Түркістан облысы нәтижелер бойынша көш бастап тұр, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар аудандарда атқарылған жұмыстарға тоқталып, Елбасы Жолдауындағы міндеттердің орындалу барысын талқылады.

Айта кету керек, облыста кәсіпкерлікті дамытудың жаңа архитектурасы әзірленген болатын. Нәтижесінде мамандар тобы құрылып, оның құрамына Инвестициялар және экспорт басқармасы, «Turkistan Invest» фронт офисі, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы, «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ кірді. Аталған ұйымдар жұмысын облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қадағалауда.

Осы орайда, тұрғындармен ашық диалог орнату мақсатында бүкіл команда жоғарыда аталған аудандар кәсіпкерлерімен кездесу өткізді, онда бизнестің ең өзекті мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, жұмыс тобы бірқатар кәсіпкерлік нысандарында болды, олар осы кәсіпорындардың әрі қарай дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын талқылады.

Сапардың соңғы нысаны Шардара ауданы, Алатау батыр ауылында орналасқан «International Company of Cotton» ЖШС мақта өңдеу зауытының инвестициялық жобасы болды. Инвестициялық жобаның сомасы 5,5 млрд. теңгені құрайды. Мақта өңдеу зауыты осы жылдың қазан айында іске қосылады, деп күтілуде. Бір жыл ішінде зауыт мақта талшығына 144 000 тонна мақта өңдейді. 47 000 тонна мақта талшығы өнімдері Қытайға, Сингапур Республикасына және Өзбекстанға экспортталады. 200 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/46513

Рекомендовать
Последние новости