Түркістан облысы салық және кеден органдары қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

Dalanews 14 авг. 2020 12:48 1786

Құрметті салық және кеден органдарының қызметкерлері, қымбатты әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» Жарлығымен және 2014 жылғы 14 тамыздағы Үкімет Қаулысымен Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің бірігуі жолмен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылған болатын.

Мемлекеттік кірістер органдары – экономикалық және қаржылық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі мемлекеттің сенімді қолдауы. Мемлекеттің өз мүдделерін қамтамасыз етудегі маңызды құралы, стратегиялық маңызды мемлекеттік органдар. Ал сіздер, қымбатты әріптестер, өз кәсіби дағдыларыңызды, тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді біздің еліміздің даму игілігіне қолданып жатырсыздар. Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында еліміздің бюджет түсімдері қамтамасыз етілуде.

Қазақстанның салық және кедендік қызметі бір орында тұрған жоқ. Біз күннен-күнге дамып, уақытпен бірге қадам басып келе жатырмыз. Барлық бизнес-үдерістерді цифрландыру енгізілді, көптеген қызметтер электронды түрде көрсетіледі. Бұл біздің әрқайсымыздан ұдайы кәсіби жетілу мен барлық жаңалықтарды мұқият зерделеуді талап етеді. Бірақ бұл жай ғана уақыттың талабы емес, біз мұны барлық үдерістер түсінікті, тез, ашық және мөлдір болуы үшін, адал бизнеске және біздің азаматтарымызға көмектесу үшін жасап жатырмыз.

Жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыра отырып, біздің басты міндетіміз — барлық деңгейдегі бюджеттерге әкімшілендірілген табыстардың толық көлемде түсуін шешуіміз керек. Тіпті бүгін де, пандемия және онымен байланысты ел экономикасында туындаған қиындықтар жағдайында да. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі алға қойған және біздің еліміздің экономикасын жаңғыртуға және азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік міндеттердің бүкіл кешенін орындау осыған байланысты.

Қымбатты әріптестер! Кәсіби мереке күні сіздерді шын жүректен құттықтаймын, еңбекте мол табыс, отбасының амандығын, өсіп-өркендеу мен мықты денсаулық тілеймін. Сіздерге жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын!

Дулат НҰРМОЛДИН, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Рекомендовать
Последние новости