Түркістан облысы құрылғалы 5 мың шақырымға жуық жол пайдалануға берілген

Dalanews 12 окт. 2021 16:11 1008

Түркістан облысы құрылғаннан бастап, 2018-2021 жылдары аралығында жалпы 4 926,8 шақырым жолдар мен көшелердің немесе 2 455 нысанның (20 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Жалпы өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 682 шақырымды құрайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2018-2020 жылдары аралығында жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 64,4%-дан 79%-ға дейін артып, ағымдағы жылы нысаналы индикатор көрсеткішін 87%-ға дейін жеткізу көзделуде.

Түркістан облысы аумағында қазіргі таңда 45 асфальт зауыты (қуаттылығы 6020 т/сағ) жұмыс істейді. Айта кетейік, еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері оңтүстік өңірлерде асфальт зауыттары болмаған. 2019 жылы Жетісай, Мақтаарал, Келес аудандарында қуаттылығы сағатына 280 тонна асфальт шығаратын 3 зауыт құрылып, қазіргі кезде жұмыстарын жалғастыруда.


Сондай-ақ, «Түркістан индустриалды аймағында» қуаттылығы сағатына 520 тонна асфальт шығаратын 5 зауыт және қала аумағында қуаттылығы сағатына 890 тонна асфальт өндіретін 4 зауыт жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында облыс аумағында жол битумының тапшылығы жиі орын алуына байланысты, мердігер мекемелер тарапынан 10 жерде битум сақтау орындары ұйымдастырылған. Битум сақтау орындары жалпы 10 000 тоннаға дейін битум сақтай алады.

Рекомендовать
Последние новости