Түркістан. "Nur Otan" белсенділері дәріханаларға мониторинг жүргізді

Dalanews 21 июл. 2020 02:57 854

Түркістан қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.  Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес, дәрілердің шектік бағасы, қолжетімділігі  назарға алынды.

Мониторингтік топ құрамында "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, Түркістан облысының  Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін  бақылау департаменті фармацевтикалық инспекторат бөлімінің басшысы Б.Байғазиев,  «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Г.Қарсыбай және өзге де азаматтар болды. Аталған топ облыс орталығындағы 10-ға жуық дәріхананы аралады.



Мониторинг барысында  дәрілік заттарды шектік бағадан тыс саудалағандар анықталды. Сонымен бірге аса қажетті кейбір дәрілердің тапшылығы да байқалды. Сондай-ақ, дәрілердің шектік бағасы жазылған арнайы тізім ілінбеген. Тіркелген кемшіліктер бойынша дәріхана қожайындарына ескерту берілді.


Жалпы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы мен аудандық филиалдары облыс көлемінде апта бойы мониторингтік жұмысты жалғастырады. Себебі, карантин кезінде аталған мәселе бойынша тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар жиі түсіп тұрады.

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости