Алматы облысында індеттен қаза болған дәрігерлердің марапттары отбасына табысталды

Dalanews 20 июл. 2020 14:03 905

Коронавирус инфекциясы талайды ажалдың апанына сүйреді. Олардың қатарында індетпен бетпе-бет келген дәрігерлер бар.

Бүгін өңір басшысы Амандық Баталов ндетпен күрес жолында көз жұмған, еңбегіне қалтқысыз берілген марқұмдардың марапатын туыстарына табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, аты жаман індеттен  Алматы облысының тауарлар мен көрсетлетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы мен Алматы облысы Ұзынағаш ауылы Орталық аудандық ауруханасының дәрігері – Алашбаев Бегалидин Байжонұлы мәңгілік мекендеріне аттанған еді.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 13 шілдедегі нөмірі 370 Жарлығына сәйкес,  Қайрат Қажыманұлы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, Бегалидин Байжонұлы «Құрмет» орденімен награтталды.

Марапаттары марқұмдардың марапаты отбасына табысталды.

– Елімізге келген пандемиядан халықты аман сақтап қаламыз деп олар әрдайым алдыңғы шепте жүрді. Марқұмдар кезінде өздері қабылдаған Гиппократ антына адал болды. Екеуі де жап-жас, алда қаншама өмірлері бар еді. Өкінішке қарай, арамыздан ерте кетті. Иманы жолдас, жатқан жері жайлы болсын. Олардың ерліктері мен есімдері ешқашан ұмытылмайды, – деді Алматы облысы әкімі Амандық Ғаббасұлы.


Сондай-ақ, «Бүгінгі жағдайға бей- жай қарамаңыздар. Бұл ойыншық емес. Өте ауыр. Сақтық шараларын ұстаңыздар. Баршаларыңызға амандық тілеймін» деді марқұм Қайрат Қажыманұлының жұбайы Гүлжан Камелканова.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

Рекомендовать
Последние новости