Саржал ауылының тұрғындары 1 тонна қымызды Семейдегі ауруханаларға тегін таратты

Dalanews 20 июл. 2020 13:38 1518

Саржал десе көпшіліктің есіне қазақтың сусыны қымыз еске түседі.






Бүгінде Абай ауданы Саржал ауылының азаматтары  ел басына түскен ауыр кезеңде ағайынға демеу болуда.



Саржалдықтар Семей қаласының ауруханасында індетке шалдыққан жандарға және пандемия басталғалы бері вирустың алдыңғы шебінде жүрген ақ халатты абзал жандарға 1 тонна қымызды тегін жеткізіп берді. Бастама ҚМДБ Зекет қоры ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" акциясы аясында өтті.



Сондай-ақ Зекет қоры ұйымдастыруымен 120 адамға тамақ дайындалып таратылды.


"Осындай қиын кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке мен бірліктің арқасында жұдырық болып жұмылған барлық жандарға алғысымыз шексіз" дейді Семей өңірінің Бас имамы Асқар Мұқанов.



ҚУАНЫШ РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ


Рекомендовать
Последние новости