Түркістан: Азаматтық қорғау саласының қызметкері республикалық байқауда үздік атанды

Dalanews 03 дек. 2021 11:57 914

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында «Полиглот» атты республикалық байқау ұйымдастырды. Мақсат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай үш тілді жетік меңгерген сала қызметкерін анықтау, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Конкурсқа қатысушылар үш тілде – «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында 3 минуттық бейнеролик түсіріп, жергілікті БАҚ пен интернет-ресурстарда жариялау қажет. Сондай-ақ, А4 форматындағы екі парақтан тұратын мақала жазу керек.

Облыстық «Полиглот» байқауынан жеңімпаз атанып, Түркістан облысының намысын қорғаған Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақдаулет Асанхан Республикалық байқаудан 1-орынды жеңіп алып, Түркістанның абыройын асқақтатты.

Рекомендовать
Последние новости