Кентауда жаңа медициналық орталық ашылды

Dalanews 03 дек. 2021 11:53 1360

Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында заманауи «Cardio+» медициналық орталығы ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда лабаратория, лор және терапевт, эндекринолог, үлкендерге және балаларға жоғары дәрежелі кардиолог дәрігерлері қызмет көрсетеді. Арнайы ультра дыбыстық зерттеу жүргізетін мамандары да бар.

Соңғы заманауи ЭКГ және УДЗ-ы арқылы сырқаттың барлық түрін, қан тамырлары, буын аурулары, бас ауруы, ішкі барлық ауруларды анықтай алады.

– Мұнда дәрігерлердің барлығы жоғары білімді, l санатты және жоғары санаттағы шетелде көп жыл жұмыс жасаған тәжірибелі мамандар қызмет жасайтын болады. Тіпті өзімде Мәскеу, Новосибирскте болып білімім мен тәжірибемді жетілдіріп келдім, – дейді орталық басшысы, дәрігер Шерзад Азизов. Ол дәрігерлік қызметте 15 жылдық тәжірибесі бар кардиолог.

Аталмыш кардиологиялық орталығы жүрек қан тамырлары ауруын бастапқы кезеңде анықтап, керек жағдайда күрделі операцияның да алдын ала алады. Себебі, орталыққа жүрек жұмысын бақылайтын холтер аппараты, жүрек қан тамырлары жұмысындағы ауытқушылықтарды тексеретін соңғы үлгідегі құрылғылар жеткілікті. Енді, құны 30 миллион долларға бағаланған бұл кешенді емдеу қондырғылары жергілікті тұрғындардың саулығын түзетуге қызмет ететін болады.

Ашылғаны жақында болсада ем алушылар кезекке тұрып, дәрігер қабылдауына асығады. Мұнда ем алушыларға барлық жағдай жасалынған және санитарлық талаптар қатаң сақталған.

Рекомендовать
Последние новости