Түркіменстанда ұн тапшы

Dalanews 28 мая 2020 07:34 800

Түркіменстанның Мары уәлаятындағы Байрамали қаласында азық-түлік тапшылығы қатты сезіліп жатыр. Аймақта әсіресе ұн мен нан тапшы.

– Қазір жергілікті ұнды ешқайдан таппайсың. Шетелден әкелінген ұнның бір келісі 12 манат тұрады. Шалғайдағы ауыл тұрғындары ай сайын бөлінетін ұнды соңғы мәрте наурызда алған, – деп хабарлады Азаттық радиосының Байрамалидегі тілшісі.

Түркіменстанның мемлекеттік дүкендерінде тұрғындарға ай сайын бес келі ұннан сату тәртібі сақталған. Ұнның бір келісі – 1 манат (ресми бағам: 1 доллар 3,5 манатқа тең).


– Нан сатып алу үшін ауыл тұрғындары таңертең ерте Байрамали қаласына келеді. Халық дүкеннің ашылуына 3-4 сағат қалғанда кезекке тұра бастайды. Дүкендердің алдында 50-60 адам кезекте тұрады,  – дейді тілші.

Рекомендовать
Последние новости