Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын қалыптастырудағы Қазақстанның рөлі

Dalanews 03 янв. 2025 17:28 1119

Адамзат тарихында түркі өркениетінің алатын орны өте зор. Ұлан-ғайыр атырапты ба ғындырған Түркі халықтарының адамзаттың дамуына қосқан үлесі мол екенін тарих дәлелдеді.

Заманында өнер мен ғылымның іргелі ордасына айналды. Өкінішке орай  тарихтың дамуына байланысты әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің тез жүруіне орай түркілер деформацияланды.

Перзидентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзінің берген сұқбатында қазіргі халықаралық қатынастарда «түркі факторының» пайда болуы мәселесін қозғайтын, түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) туралы  да пікірін білдірді.

Қазіргі геосаясаттағы қиын жағдайда түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастық шеңберінде түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен бірігуі, өңірлік тұрақтылық тұрғысынан ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы ортақ тіл, мәдениет және ынтымақтастық негізінде құрылғанымен, бүгінде ол аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтың тиімді ұйымына айналды.

Түркі мемлекеттерінің ұйымын құру кезеңдерін үшке бөлуге болады. Бірінші кезеңі, КСРО ыдырағаннан кейін, түркі республикалары тәуелсіздік алған кезде, 1992 жылы Түркияның басшылығымен Анкарада «Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Саммиті» өтті. Екінші кезеңі, 2009 жылы түркітілдес мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесі, атап айтқанда “Түркі кеңесі” құрылды. “Түркі кеңесі” халықаралық аренада «қарапайым» мақсаттарды көздеп, уақыт өте келе табысты нәтижелерге қол жеткізді.

Бұл тұрғыда экономика, білім, көлік, мәдениет, туризм және сыртқы саясат салаларындағы маңызды жобалар бірлесіп іске асырылды. Үшінші кезеңі,  Түркі кеңесі 2021 жылғы 12 қарашада Ыстамбұлда өткен 8-ші саммитінде тарихи шешім қабылдады және өз атауын түркі мемлекеттерінің ұйымы деп өзгертті.

Былтыр Астана төрінде «Түркі дәуірі!», яғни «TURKTIME!»  ұранымен ТМҰ-ның  X саммиті өткен болатын.  Осы саммитте «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің қатар дамуы өте маңызды деп санайды.

Бұл ретте Президент Ұйымға мүше елдердің стандарттары мен терминологиясын жүйелеуді ұсынған болатын.

Былтыр, түркі мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімі 1,4 триллион долларды құраса, биыл түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара сауда айналымы  45 миллиард доллардан асқандығын айтты.

Өткен жылғы саммиттің аясында 80-нен астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, қатысушы елдердің білім беру және академиялық құрылымдары, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері арасында тығыз және өнімді байланыстар орнатылғандығын да тілге тиек етті.

2021 жылы күллі түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған көне Түркістан қаласы түркі халықтарының рухани жақындасуында ерекше, елеулі рөл атқарса,

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Астанада өтуі маңызды оқиға болды деп, ой түйді. Ұйым шеңберінде Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА) ,  Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) және Түркі академиясы сияқты ұйымдар жұмыс жасауда.

Бауырмалдылық пен шын жанашырлық бұл мемлекеттерді саяси аренада үлкен ойыншыларға алып келуі әбден мүмкін.

Әсем КҮЛБАЕВА, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің сарапшысы

 


Рекомендовать
Последние новости