Түнгі уақытта Жамбыл облысында болған 5 балдық жер сілкінісі жұртты шошытты

Көркем Алдабергенова 28 мар. 2025 09:03 673

ҚР ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03:42-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 323 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.

Жамбыл облысындағы жағдай туралы мәліметтер:

Есептік қарқындылығы:

Мерке 5.0 б.

Құлан 4.0 б.

Шу 2.0 б.

Төле Би 2.0 б.

Сарыкемер 2.0 б.

Тараз 2.0 б.

Қордай 2.0 б.

Аса 2.0 б.

Мойынқұм 2.0 б.

Сағат 04:30 жағдай бойынша Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары ден қоюға дайын болды.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, сондай-ақ көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізді. Қосымша ЖП патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ықтимал зақымдану мәніне көзбен шолып қарауды жүзеге асырады.

Барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеді.Жедел әрекет ету үшін ҚР ТЖМ мен ТЖД Командалық орталығында жедел желі ашылды: +7 7172 55-96-21.

Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

ҚР ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс өткізілді.

  • Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
  • Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді
  • Қазақстанның ТЖМ жағдай мониторингін жалғастыруда

Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын.

Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды - қауіп жоқ.


Рекомендовать
Последние новости