Түлкібастық мемқызметкерлердің 100 пайыз екпе салдырды

Dalanews 23 июл. 2021 13:57 915

Түлкібас ауданы әкімдігінің аппараты мен дербес бөлімдер және ауылдық округ әкімдіктерінде барлығы 205 мемлекеттік қызметкер бар. Аталған мекемелерде індетке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында белгіленген санаттағы мемлекеттік қызметкерлер толығымен екпе алған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тек қана қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санаттағы 8 қызметкер екпе алудан босатылған (жүкті әйелдер, науқас және мүгедектігі бар қызметкерлер).

Қазіргі таңда аудан аумағында екпе егу пунктерінде 28 470 азамат екпенің І-ші компонентін, 18 924 тұрғын ІІ-ші компонентін алған. Соңғы тәулікте қосымша 970 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші және екінші компонентін салдырған.

Рекомендовать
Последние новости