Алмаз Шарман: «Індеттің өте қауіпті кезеңіне аяқ бастық»

Dalanews 23 июл. 2021 14:46 1030

Вакцина — қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман хабарлады. Ғалым «дельта» коронавирус штамын жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызды екенін түсіндірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Америка Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, вирусолог Алмаз Шарманның айтуынша, бүкіл әлем коронавируспен күресудің жауапты кезеңіне аяқ басты, өйткені пайдасы жоғары әрі тиімді  вакциналар жасалды.

Алмаз Шарман өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 мыңнан астам науқастың тіркелгенін, антирекорд жаңартылғанын айтты. Бүгінде Қазақстанда халықтың тек 16%-ы ғана екпенің екі компонентін алған. Бұл өте аз көрсеткіш. Демек бұл халықтың 85%-ы вакцина алмағаны. Бұл жаңа мутацияланған «дельта» коронавирусының таралуы үшін қолайлы орта.

Ғалымның айтуынша, «дельта» штамы коронавирустың барлық алдыңғы нұсқаларына қарағанда 50-60% жұқпалы.

– Әрбір жұқтырған адам инфекцияны 5-6 адамға әсер етеді. Вакцина алмаған азаматтар қауіп аймағында. Коронавирустың қазіргі нұсқасы жұқпалы екенін есте ұстаған жөн. Бірақ Қазақстанда вакцина алған адамдардың пайызы төмен. Біз індеттің өте қауіпті кезеңіне аяқ бастық. Жағдайды вакцина алу арқылы өзгертуге болады, – деді Алмаз Шарман.

Айта кетсек, Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 22 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда екпенің I компонентін 670 351 адам алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны  94 835 адамды құрайды.

Қаладағы медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен  қаланың СОСО-да 212 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 260 адам жұмылдырылған 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Рекомендовать
Последние новости