Түлкібас ауданында 35 шақырымға жуық жол жөндеу өтуде

Dalanews 01 окт. 2021 06:20 1032

Биыл Түлкібас ауданында 34,6 шақырым жол жөнделуде. Жыл соңында жөндеу жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілмек, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығындағы көшелер де жақсаруда. Мәселен, орталықтағы 18,3 шақырым жол «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасымен жүзеге асуда. Т.Рысқұлов елді мекеніндегі 5 көше мен Көкжайлау және Жанкент мөлтек аудандарының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түнгі жарықтандыру шамдары орнатылуда.

Жол жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылау мақсатында аудан басшысы Нұрлан Байғұт арнайы аралап көрді. Кей көшелерде атқарылып жатқан жұмыстарға төмен баға беріп, жауапты мердігер мекемені сынға алды. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық нысанның сапалы болуын әрі мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

Рекомендовать
Последние новости