Тойға рұқсат жоқ: Қазақстанда карантиннен кейін де шектеу шарасы сақталады

Dalanews 13 авг. 2020 14:00 851

Мемлекеттік комиссия мүшелері бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салуды жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің сайтында.




Қандай қызмет түрлеріне тыйым салынады:

  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;

  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;

  • мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;

  • діни нысандардың жұмысына;

  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға.


«Маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақтау - бұл барлығына міндетті санитарлық талап және азаматтардың өміріндегі күнделікті ережеге айналуы керек. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған кезде ғана қалпына келтіру керек», - деді Асқар Мамин.


Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен құрылған мемлекеттік комиссия 17 тамызда карантинді жеңілдету жоспарын бекітті. Қазақстанда 17 тамыздан бастап кей мекемелер жұмысын жалғастырады.

Рекомендовать
Последние новости