Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары пысықталды

Dalanews 01 нояб. 2018 15:45 779

Бүгін Отырар ауданында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау мақсатында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Онда қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты тиісті мекемелердің дайындықтары жан-жақты пысықталды.

Аудандағы төтенше жағдайлар комиссиясының, авариялық-құтқару қызметтері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштері мен құралдарының төтенше жағдай орын алғанда жасайтын іс-әрекеттерге дайындығын бағалау мақсатында өткен оқу-жаттығу шарасына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.

Аудан әкімі азаматтық қорғаныс саласындағы қызметтердің апат болған жағдайға дайындық барысын жеке-жеке тексеріп, олардың дайындығына көз жеткізді.

Апат айтып келмейтіндігін ескерткен аудан басшысы апаттың алдын-алу, жұмылдыру даярлығын жүйелі жүргізудің өзектілігіне тоқталып, тиісті сала өкілдеріне теориялық білімдерін жетілдіріп отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, аудан басшысы алдағы уақыттарда да мұндай оқу-жаттығу жиындарын жүйелі түрде өткізуді ұсынып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости