Тоқаевтың тапсырмасы: Президент Әкімшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарын тексерді

Сағыныш Сардарова 30 июн. 2025 16:44

Президент Әкімшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарын тексерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

23 маусымдағы кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырма бойынша Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді.

"Жекелеген күштік органдарға ғана тән кемшіліктермен қатар, жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер ететін жалпы проблемалық бағыттар анықталды. Талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді, олардың пысықталуын жауапты мемлекеттік органдар қысқа мерзімде қамтамасыз етуге тиіс. Қабылданып жатқан шаралар, қол жеткізген нәтижелер мен тиісті қорытындылар Мемлекет басшысына баяндалады", - деп жазылған хабарламада.

Тапсырманың тиісті орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды.

 


Рекомендовать
Последние новости