Қазақстанда экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия құрамынан бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдері шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы №57-р қаулысына келесі өзгеріс енгізілді:
«Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияны құру туралы» аталған қаулыға сәйкес құрылған комиссияның құрамы жаңа редакцияда бекітілсін», – делінген Үкімет басшысының жаңа өкімінде.
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі жаңартылған комиссия құрамы төмендегідей:
- Премьер-Министр — комиссия төрағасы;
- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — төрағаның орынбасары;
- Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі;
- Қаржы вице-министрі — хатшы;
- Әділет министрі;
- Қаржы министрі;
- Энергетика министрі;
- Көлік министрі;
- Индустрия және құрылыс министрі;
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);
- Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);
- Бас прокурордың орынбасары (келісім бойынша);
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша).
Комиссия құрамынан шығарылған лауазымды тұлғалар:
- Мәдениет және ақпарат министрі;
- Сот әкімшілігінің басшысы (келісім бойынша);
- Ұлттық банк төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша).