Тоқаев уәдесі. Әлеуметтік салада қандай оңды өзгерістер орын алды?

Dalanews 21 дек. 2023 13:10 1318

Бүгінде іргедегі соғыс, оған көршіміздің экономикалық санкцияларға ұшырауы өңірдегі жағдайды ушықтырып, әлеуметтік-экономикалық ахуалды ширықтыра түсті. Осындай қиын кезеңде биліктің әлеуметтік саланы қолдау мен дамытуға қатысты міндеттемелерді толықтай орындауы аса маңызды.

Президент Тоқаев Үкіметке әлеуметтік сала бойынша мойнына алған міндеттерді толықтай орындауын ұдайы қадағалаумен болды. Өз кезегінде атқарушы билік жауапкершілігіне алған міндеттемелерді толықтай жүзеге асырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін жұмысағанын да айтуға тиіспіз.

Бүгін Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша 11 ай бойы атқарған жұмыстарының есебі жарияланды. Қолға тиген есепке көз салғанымызда халықтың жұмыспен қамтыу, кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылғанына байқадық. Енді соны тарқатып айтсақ.

11 айдың қорытындысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 908,5 мың адам жұмысқа орналасыпты, оның ішінде 257,1 мың адам ұлттық жобаларды іске асыру кезінде екі қолға бір күрек тапса, 294,3 мың азамат бос жұмыс орындарына жұмысқа тұрыпты. Ал Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 11 айда 357,1 мың адам жұмыспен қамтылыпты.


Бүгінде халықты жұмыспен қамтудың баламалы жолдары да пайда болуда. Соның бірі мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары – бұл бағыт бойынша биыл 196,3 мың адам жұмысқа тұрған. Тағыда айта түссек, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға бизнес ашу үшін 400 АЕК (шамамен 1,3 млн теңге) мөлшерінде 9,1 мың мемлекеттік грант берілген. Осылайша мемлекеттің грантына ие болған азаматтар іс бастап, кәсіперлік салаға бет бұрған.

Айтпақшы, биыл наурыз айынан бастап, 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастарға 2,5% жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылып, жастар бизнесін дамытуға қолдау көрсетілген болатын. Нәтижесінде еліміз бойынша жалпы сомасы 25,4 млрд теңге жеңілдетілген несие беріліп, 5,4 мың бизнес-жоба мақұлданғанын атап айтуға болады.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында оны орындау тетігі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Сәтін салса жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастау алады.


Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңмен көтеру үрдісі жалғасын тапты. Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін барлық жәрдемақының мөлшері 8,5%-ға көбейсе, елімізде ынтымақты зейнетақы 10,5%-ға өскенін де айта кетуіміз керек.

Ал отбасының цифрлық картасы аясында табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға проактивті түрде әлеуметтік қолдау тағайындау енгізілді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 113,6 мың отбасынан 595,7 мың адамға тағайындалды.

Рекомендовать
Последние новости