Астанадағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Бекзат Кемеловаға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова танылған. Айта кетейік, Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған болатын. Процеске судья Назгүл Бапақова төрағалық етуде.
Айыптау мәні
Іс материалдарына сәйкес, Альмира Нұрлыбекова өзінің туысы Бекзат Кемелова 990 мың АҚШ долларын (453 млн 182 мың 400 теңге) иемденіп кетті деп айыптап отыр.
Сот басталғанда Нұрлыбекованың адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Бекзат Кемеловадан келтірілген материалдық шығынды өндіріп беруді сұрады.
