Алматыда шағын және орта бизнеске түсетін салық жүктемесі азаяды. Бұл туралы “Учёт” компаниясының негізін қалаушы Максим Барышев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол жеңілдетілген салық мөлшерлемесінің төмендеуін кәсіпкерлерге жасалған нақты қолдау деп бағалады.
“Алматыда “жеңілдетілген” салық мөлшерлемесі 3% болады! Шағын бизнесті қолдағаны үшін әкім Дархан Сатыбалдыға және Respublica партиясына алғыс айтамын. Бұл – кәсіпкерлерге жасалған нақты қадам. Алматы тағы да үлгі көрсетіп отыр. Басқа өңірлерге де үндеу жасаймын – үлгі алыңыздар! Жеңілдетілген салық мөлшерлемесін 2–3%-ға дейін төмендетіңіздер”, – деді ол.
Айта кетейік,қала әкімі Дархан Сатыбалды 2026 жылдан бастап жеңілдетілген салық мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету туралы шешімді мақұлдады. Құжат осы айдың соңында өтетін қалалық мәслихат сессиясында бекітіліп, күшіне енуі тиіс.
