Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты жол апаты: тергеу аяқталуға жақын

Көркем Алдабергенова 13 нояб. 2025 12:02

Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол апатын тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген ол, аталған қылмыстық істің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын еске салды.

«Қазір тергеу әрекеттерінің басым бөлігі аяқталды, соңғы кешенді автотехникалық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Нәтижелерге сәйкес айып тағу және істі сотқа жолдау туралы шешім қабылдаймыз», - деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Еске салайық, Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы биыл 27 шілдеде жол апатына түскен еді.

Полицияның мәліметінше, республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысы бағытынан Алматыға қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапқан.


Рекомендовать
Последние новости