Петропавлдық әйел фельдшерге дөрекілік көрсеткені үшін айыппұл арқалады

Қаракөз Амантай 12 нояб. 2025 17:06

Петропавл тұрғыны  фельдшерге дөрекілік танытқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

10 қазанда қалалық бірінші емхананың фельдшері есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін үйлерді аралап жүрген. Сол кезде әйелдің пәтеріне барған. Көршілердің көзінше әйел орынсыз сөз айтып, фельдшерді баспалдақ алаңынан шығарып жіберуге тырысқан.

Әйел өз кінәсін мойындады. Сот оның әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің медициналық қызметкерлерге құрметсіздік көрсету бабына сәйкес бағалады. Жасы үлкен және әкімшілік қамауға алу мүмкін болмағандықтан, оған 82 572 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, төлемді тез жасауына байланысты 30% жеңілдік берілді.


Рекомендовать
Последние новости