64 күн өмір үшін күрес: Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды

Cағыныш Сардарова 13 нояб. 2025 10:09

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бала 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген.

"Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болды, сондықтан дәрігерлер ұзақ әрі күрделі күтім үдерісін бастады", - дейді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда болған, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр.

Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.

"Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс - дәрігерлердің ортақ еңбегі, сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", - деді Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.


Рекомендовать
Последние новости