Путин Тоқаевқа орыс тілі үшін алғыс айтты

Көркем Алдабергенова 13 нояб. 2025 10:17

Кеше Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Путин орыс тілі Қазақстанда кеңінен және еркін қолданылатынын атап өтті.

«Қазақстанда орыс тілі кеңінен және еркін қолданылады. Сол үшін Қазақстан президентіне алғыс айтамын», - деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, Қазақстан Конституциясына сәйкес, орыс тілі ресми мәртебеге ие және оны өмірдің түрлі салаларында қолдану республиканың басшылығы тарапынан қолдау тауып отыр.

Ол Ресей үкіметінің қолдауымен алдағы уақытта Қазақстанның оңтүстігінде - Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында үш орыс тілді мектеп ашылатынын айтты.


Рекомендовать
Последние новости