Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ресей полициясымен Биволдың бұрынғы жұбайының ісі бойынша ынтымақтастық орнатқанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды ұстау ісіне байланысты Ресейдің құқық қорғау органдарымен байланыс орнатылған.
Санжар Әділов бұл бағытта екі елдің құқық қорғау органдары өзара әрекеттесіп жатқанын атап өтті. Қазір істің егжей-тегжейі анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ІІМ Екатерина Биволға іздеу жариялады.
