Тоқаев тапсырмасы: мамандар Шығыстағы қарағай орманын ұлғайтудың жолын тапты

Dalanews 14 дек. 2021 14:03 1124

Шығыс Қазақстан облысының орманшылары 2025 жылға дейін 200 миллион қарағай отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл өңірдегі қарағай орманы тағы 40 мың гектарға артады дегенді білдіреді.

Осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінбек. Президент Тоқаевтың тапсырмасын орындауға "Инновациялық орман тұқымы" кешенінің мамандары атсалыспақ. Питомниктің бірегейлігі мынада: көшет бұрынғыдай екі жыл емес, 70 күнде өсе алады екен.

Осыдан біршама уақыт бұрын Бесқарағай ауданындағы "Семей Орманы" Канонерка филиалының базасында Швед өндірісінің заманауи жабдығымен жұмыс істейтін жаңа орман тұқымы кешені пайдалануға енгізілген болатын.

Мұнда компьютерлік бағдарламалау қолданылады, барлық бақылау процестері толығымен автоматтандырылған. Арнайы машиналардың өздері тұқымдарды санаттарға бөліп, өңдейді. Жаңа технология бір жыл ішінде 3,5 миллионнан астам көшет өсіруге мүмкіндік береді.

Инженер-технолог Валерий Клец тұқымбақта енгізіліп жатқан заманауи әдіс-тәсілдерге тоқталып, пікірін білдірді.

"Біз бір жылда екі егісті, екі ротацияны стандартты мөлшерге дейін өсіреміз. Отырғызу материалдарының саны көп, ал өндіріс уақыты әлдеқайда аз" дейді ол.

Өңірдегі орманшылар соңғы 5 жыл ішінде 15 миллион қарағай көшеттерін өсірген. Алайда озық технологияға қарамастан, қосымша жұмыс күші де қажет пікірді. Бұл үшін осынау сала мамандарының айлығын көтеру маңызды.

"Елімізде орман шаруашылығында еңбек ететін мамандардың жалақысы  төмен. Әсіресе арамшөптермен, көшеттерге күтім жасайтын адамдарға басым көңіл бөлу керек.  Сол кезде маман, жұмысшы тапшылығы мәселесін де шешетін боламыз", – дейді Валерий Клец.

Жұмыс күшінің аздығына қарамай, орманшылар алдағы уақытта қарағайлы алқаптың көлемін 25 мың 400 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.


Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2025 жылға дейін қарағайдың 119 миллион көшеттерін өсіру керек.

Ал бірегей реликті орман алқабын қалпына келтіру үшін заманауи арнайы техника, оның ішінде бюджет есебінен 40-тан астам трактор мен отырғызу машинасы сатып алынған.

2025 жылға қарай облыста 200 миллион қарағай көшеттерін егу үшін 8 миллиард теңге бөлінбек.

Рекомендовать
Последние новости