Курчатов қаласында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдануда

Dalanews 03 дек. 2021 14:01 904

Жастарды жұмысқа орналастыру үшін Курчатов қаласының басшылығы кәсіпорындармен қарым-қатынас жасап, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда. Бұл туралы Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский баспасөз конференциясы барысында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімнің мәліметінше, жыл басынан бері жұмысқа орналасу мақсатында 138 жас өтініш білдірген. Олардың жартысы уақытша жұмыс орындарына, ал 70-і тұрақты жұмыс орындарына орналасса, жастар тәжірибесі бағдарламасына 13 маман қатысқан. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адам жіберілді.

– Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жастарды оқыту жүргізілді. Қаланың кәсіптік-техникалық мектебінде олар электрик, электргазбен дәнекерлеуші, сантехник, іс жүргізуші, аспаз, бала күтуші, маникюр шебері, шаштараз, 1С бухгалтері мамандықтары бойынша даярланды, – деп хабарлады Алексей Глазинский.

Тоғыз жас маман өздерінің бизнес-жобаларын іске асыруға, атап айтқанда, кілем жуу компаниясын, кейтеринг агенттігін, косметолог кабинетін, денені сауықтыру студиясын, таксопаркті, жөндеу және IT-технологиялар бойынша қызмет көрсету сервисін ашу үшін 5 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік грант алды.

Жазғы кезеңде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 112 адам жұмыс тәжірибесін алып қана қоймай, қаланы абаттандыруға өз үлесін қосты.

Рекомендовать
Последние новости