Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Қаракөз Амантай 24 окт. 2025 10:00

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында ел азаматтарын ұлттық мерекемен құттықтап, бұл күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

"Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен жиналып отырмыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, биыл еліміз азаттықтың 35 жылдық мерейлі белесіне жетті. Дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданып, ғасырлар бойғы мемлекеттілік дәстүр қайта жаңғырған еді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove