Каспий құбыры арқылы қазақ мұнайын тасымалдау азайды

Көркем Алдабергенова 13 янв. 2026 11:44

Қазақстан мұнайының Каспий құбыры арқылы экспорты қайта қысқарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан мұнайын Қара теңізге шығаратын Каспий құбыр консорциумы (CPC) арқылы тасымал көлемі тағы төмендеді. Bloomberg дерегінше, экспорттың азаюына ауа райының қолайсыздығы, техникалық жөндеу жұмыстары және инфрақұрылымдағы ақаулар әсер еткен.

Қаңтар айында CPC Blend маркалы мұнайдың тәуліктік жөнелтілуі 800–900 мың баррель шамасында қалыптасып отыр. Бұл желтоқсанның ортасында жоспарланған деңгейден шамамен 45 пайызға төмен.

Нарықтағы трейдерлердің хабарлауынша, Қазақстан мұнайына қатысты жоспарланған 45 жөнелтімнің кемінде 21-і уақытша тоқтатылған.

 
 

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove