Тоқаев Қазақстанды әділетті елге айналдырудың жоспарымен бөлісті

Dalanews 29 апр. 2022 08:02 804

Жаңа Қазақстан дегеніміз бұл - Әділетті Қазақстан. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» жиынында президент Тоқаев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Бүгіндері Жаңа Қазақстанның не екенін түсіндіру өте маңызды. Әр азаматтың бұған қатысты өз көзқарасы бар екені белгілі. Мен бұған дейін айтқанымдай, Жаңа Қазақстан дегеніміз бұл - Әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз. Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңғырту деген сөз деп мен тағы да айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Жаңа Қазақстан – бұл жылдам құбылмалы әлемде біздің жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын жол.

«Жаңа Қазақстан түсінігінің өзін бұлғақтатуға мүлдем болмайды. Бізде мұндай әдет бар», – Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президенттің атап өткеніндей Жаңа Қазақстан әділеттілік аймағына айналуы тиіс.

"Ол үшін заңның әрпін ғана емес, рухын да сақтау қажет. Заң бұл - догма емес. Олар жетілдірілуі тиіс және мұнда бүкіл Парламенттің және де әрине, Ассамблеяның рөлі үлкен. Заңдар азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу үшін жетілдірілуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент алға серпіліс жасау үшін сәтті кезеңді күтудің қажеті жоқтығын, қазірден-ақ кідірместен әрекет жасау керектігін баса айтты.

«Еліміздің теңдесіз байлығы әрі өзгерістердің басты қозғаушысы бұл - адамдар, біздің азаматтарымыз. Сондықтан әрбір азамат өзінен бастауы тиіс. Ортақ іске барлық азамат жұмылмай мемлекеттік аппарат не болмаса қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетік біздің елді жаңарту мақсатымызға жеткізе алмайды.

Жаңа Қазақстанды құру үшін бізге дербес және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен қайтадан форматтау талап етіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рекомендовать
Последние новости