Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Сағыныш Сардарова 14 окт. 2025 14:10

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.


Рекомендовать
Последние новости