Тоқаев: «Жастар алдағы уақытта іске асатын реформаның локомативі болады»

Dalanews 07 июн. 2019 04:02 1044

Президент Қасым-Жомар Тоқаев билік басына жастарды тартып, басқару жүйесін жаңартуға бел буғанын мәлімдеді.

Ол алдағы уақытта өзінің мүмкіндігін көрсетуге ұмтылған жас мамандарға қолдау көрсетілетінін қадап тұрып айтты.

– Алдағы уақытта мемлекеттік басқару жүйесіне азаматтық қоғам саласында жүрген жас мамандарды тартуды басты бағытқа айналады. Ең алғашқы 300 адамнан тұратын кадрлық резерв 2019 жылдың аяғына дейін дайындалуы тиіс. Жастар алдағы уақытта іске асатын реформаның локомативі болады, – деді Мемлекет басшысы өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 

Рекомендовать
Последние новости