Тоқаев Батыстың ығына жығылды, санкцияны айналып өтетін нарықтан айырылдық - ресей пропагандисі

Dalanews 12 мая 2023 07:19 836

Ресейлік пропагандист Евгений Сатановский Кремльден іргесін аулақ сала бастаған Ақорданы сынға алды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Айтуынша, Тоқаев Батыс пен Ресейдің арасындағы текетірестің барысын бақылап, аңысын аңдып отыр. АҚШ-тан қол үзгісі жоқ, Мәскеумен де қабақ шытысқанды қаламайды.

Әйтсе де, мұндай ұстаным уақыт өте келе өзін-өзін ақтаудан қалады. Қазақ билігі қай тараптың сөзін сөйлерін қазірден бастап анықтауы тиіс. "Өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын" позиция Кремль идеологтарының сабырын сарқылта бастаған сынды.

Сөй деген Сатановский "Қазақстан біз үшін арамыздан қыл етпес дос, тату көрші деген түсініктен арылуымыз керек, олар бірте-бірте жау мемлекетке айналып барады" деген екен.

Как только начинает «подгорать», так сразу бегут к нам — российский пропагандист о Казахстане

"Бұл елде украин сценарий қайталана қоюы екіталай, оған бола уайымға салынбайық. Десе де, Қазақстанға келгенде қауіп туғызатын факторлар жетіп артылады.

Президент Тоқаев Батыс пен АҚШ-тың етегіне жармасып отыр. Сөйте тұра Путинмен де ат құйрығын үзіскісі жоқ. Таразыға тартқанда, Батыстың салмағы басып тұр. Қазақ билігі Еуроодақтың ескертуін екі етпей орындауда. Тоқаев Ресейдің Қазақстан арқылы санкцияны айналып өтуіне ендігіде жол бермейді. Ресейдің одақтастарына санкция салынады деген сезік туғанда-ақ қазақ президенті қам жасауға көшті", - дейді Сатановский.


Оның пайымдауынша, Тоқаевтың қай тараптың ығына жығылары алдағы бір-екі жылда айқындалуы тиіс. Дәл мұндай жағдайды Беларусь те бастан өткерген. Ішкі мәселені толық шешіп, билікті басыбайлы өз қолына алған Лукашенко көп ұзамай Ресей жаққа өткен.

"Тоқаев та Батьканың ізімен жүруі мүмкін. Орынтағына қауіп төнген Орта Азия басшылары әдетте Ресейден пана сұрайды, Путиннің алдына жорғалап келеді. Сол сәттен бастап Батыс жаққа мойын бұруды доғарады.

Қазақтар, ақылымды тыңдасаңдар Еуропаға елегізіп тұратын әдеттен арылыңдар, АҚШ сендерге аяушылық танытпайды. Еуропалық сценарий Қазақстанға кіріге алмайды", - деп сандырақтаған екен Сатановский.

АЙТҚАНДАЙ 

Назарбаев кланы және "Ескі Қазақстан" өкілдері өзара байланыс үшін Signal мессенджерін орната бастады.

Толығырақ: https://t.me/dalainside/1308

 

https://dalanews.kz/aimak/89234-aqtau-mangyndagy-zhanga-gaz-qubyry-turiz

Рекомендовать
Последние новости